Стоп-ордер қалай жұмыс істейді?

Stop тапсырысы триггер болып табылады және оған жеткенде платформа сәйкес нарықтық (market) немесе шекті (limit) тапсырысты құрады.

Stop тапсырыстардың 2түрі бар:

  1. Stop loss, buy stop, sell stop. Актив бағасы осы тапсырыс түрлерінде көрсетілген деңгейге жеткенде, жүйе сатып алу немесе сату (buy stop, sell stop) нарықтық тапсырысын құрады немесе шығындарды шектеу үшін (stop loss) позицияны жабады.
  1. Stop-limit. Бұл тапсырыс stop және limit тапсырыстар функцияларын біріктіреді. Актив бағасы осы тапсырыс түрінде көрсетілген деңгейге жеткенде, жүйе оны ашу кезінде трейдер көрсеткен баға бойынша шекті тапсырыс құрады.