Қауіпсіздік саясаты

RoboForex Ltd іс-әрекеті бизнес саласында қызмет көрсету ғана емес, сонымен қатар әрбір клиенттің құпиялылығы және толық ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ереже тек бар клиенттерге ғана емес, компанияның барлық бұрынғы және болашақ клиенттеріне де қатысты.

Деректерді кім жинайды?

RoboForex Ltd компаниясы 000138/7 лицензия нөмірі бойынша IFSC арқылы реттелетін халықаралық брокер.

Компания пайдаланушылар туралы жеке, мінез-құлық және басқа да деректер түрлерін жинайды, оларға біздің барлық веб-сайттарымызға кірер алдында ерікті келісіміңізді беруіңіз қажет: https://roboforex.com, https://www.copyfx.comhttps://stockstrader.roboforex.com, сондай-ақ олардың тіл нұсқалары мен ішкі домендері. Осы жағдайлардың кез келгенінде деректерді жинау және өңдеу туралы клиент хабардар етіледі, сонымен қатар одан компанияның осы әрекеттеріне келісімі сұралады.

Қызметкерлеріміз жинайтын әрекеттеріңіз туралы кез келген ақпарат тек статистикалық талдау үшін пайдаланылады. Бұл ақпаратты есепке алу қызмет көрсету деңгейін жақсарту, RoboForex компаниясының жаңа қызметтері мен өнімдері туралы клиенттерді уақтылы хабардар ету, сондай-ақ орындалатын транзакцияларды оңтайландыруға бағытталған.

Біз қандай деректер түрлерін жинаймыз?

Біз келесі жеке ақпарат түрлерін (бірақ олармен шектелмей) қамытатын жеке деректерді жинай, сақтай және пайдалана аламыз:

Сәйкестендіру деректері: толық аты-жөніңіз, пайдаланушы атыңыз (лақап атыңыз) немесе біздің веб-сайттарда пайдаланатын басқа сәйкестендіргішіңіз, сандық кескін форматындағы жеке басыңызды куәландыру, туған күніңіз және жеріңіз, жынысыңыз, тұрғылықты еліңіз және азаматтығыңыз.

Байланыс деректері: тұрғылықты мекенжайыңыз, оның сандық кескін форматында растауын қоса алғанда, телефон нөміріңіз, электрондық пошта мекенжайыңыз.

Мамандық және жұмыс орны туралы деректер: білім деңгейі, ағымдағы жұмыс орны, жұмыс беруші компания атауы, онлайн сауда жасау тәжірибесі, онлайн сауда жасау және онымен байланысты тәуекелдер туралы білімі, соның ішінде жоғарыда аталғандардың барлығын растау.

Қаржы және салық деректері: жылдық және айлық табыс, салықтан кейінгі табыс сомасы, СТСН және салық салынатын ел, банк шот нөмірі және банк көшірімдері, банк карталарының нөмірлері және оларға сіздің меншік құқығыңызды растайтын құжат, электрондық әмияндарыңыз туралы деректер, қаражат көздері.

Техникалық деректер: IP мекенжайыңыз және орналасқан жеріңіз, браузер нұсқасы мен түрі, пайдаланылатын құрылғы үлгісі мен түрі, операциялық жүйе және біздің веб-сайттарға кіру үшін пайдаланатын құрылғылардың сипаттамаларына қатысты басқа деректер.

Мінез-құлық деректері: біздің веб-сайттардағы әрекеттеріңізге қатысты барлық деректер, соның ішінде сілтемелерді басу, жүктеп алу, айналдыру және т.б.

Маркетинг деректері: бізден маркетинг және жарнама материалдарын алуға келісім беру және сізге хабарлар жіберілетін арна түрі, соның ішінде хабарлама тілі.

Cookie-файлдарын жинау және пайдалану саясаты

Cookie-файлдары - веб-сайттар трафикті (келушілер саны) бақылау үшін пайдаланатын ақпараттық файлдар. Веб-сайт серверіндегі көрсетілген деректер веб-сайтқа бірінші рет кірген кезде компьютер немесе мобильді құрылғының қатты дискісінде уақытша сақталады, бұл қайталап кірген кезде браузерді тануға мүмкіндік береді. Сайтымыздың cookie файлдарын пайдалануына қатысты таңдауыңыз «cookie_notification» баптауында сақталады.

RoboForex Ltd компаниясы cookie-файлдарын клиенттер арасында ең танымал қызметтерді анықтау және компания веб-сайттарындағы келушілердің белсенділігін өлшеу үшін пайдаланады. Cookie-файлдарын пайдалану арқылы біз ең көп сұралатын жарнамаларды анықтаймыз және әлеуетті клиенттерге арналған ресурстардың тартымдылығын бағалаймыз.

Біз cookie-файлдарының қандай түрлерін пайдаланамыз?

Сессия cookie-файлдары: cookie-файлдарының бұл түрі біздің веб-сайттағы сессия кезінде ғана пайдаланылады (яғни сіз веб-сайтты пайдаланған кезде ғана) және браузер терезесі жабылғанға дейін (парақшадан шыққанша) сақталады.

Сараптау cookie-файлдары: cookie-файлдарының бұл түрі веб-сайтымыздың құралдарын қалай пайдаланатыныңыз туралы мінез-құлық ақпаратын жинайды және оны 6 айға дейін сақтауға болатын сараптау бағдарламалық құралымыздың жалпы дерекқорына жібереді. Бұл ақпарат есіміңіз, электрондық поштаңыз немесе басқа жеке деректеріңізді қамтымайды, сондықтан анонимді болып табылады. Біз оны веб-сайтымыздың парақшаларындағы пайдаланушылардың белсенділігін бақылау үшін қолданамыз, бұл барлық интернет алаңдарымызды оңтайландыру кезінде олардың қалауларын ескеру, сондай-ақ ықтимал багтар және қателерді жоюға мүмкіндік береді.

Промо cookie-файлдары: cookie-файлдарының бұл түрі веб-сайттымыздың пайдаланушыларына компаниямызға қатысы жоқ ресурстарға кірген кезде сәйкес жарнамаларды көрсету үшін пайдаланылады. Промо cookie-файлдары жарнама бойынша серіктестерімізді қамтитын үшінші тараптардың cookie-файлдарын қамтуы мүмкін.

Таңдау және функционалдық cookie-файлдары: cookie-файлдарының бұл түрі веб-сайтымызды пайдалану кезінде таңдауларыңызды, соның ішінде таңдалған көрсету тілі және қалқымалы терезелерді көрсету опциясының баптауларын анықтайды және бекітеді.

Cookie баптауларын қалай басқаруға болады

Веб-сайтымызға кірген кезде компьютеріңізге орналастырылған cookie-файлдарын браузер баптаулары арқылы жоя аласыз. Ең танымал браузерлерде cookie-файлдарын басқару нұсқауларын төмендегі сілтемелерден табуға болады:

Cookie-файлдарын жою біздің және браузеріңіздегі басқа веб-сайттардың дұрыс жұмыс істеуіне әсер етуі мүмкін екенін толық түсінетініңізге көз жеткізіңіз.

Неліктен біз жеке деректеріңізді жинаймыз және өңдейміз?

Жеке деректерді жинаудың негізгі себептері мен мақсаттары төменде сипатталған:

Клиенттік келісім бойынша міндеттемелер: сізді клиент ретінде тіркеу үшін ағымдағы Клиент келісіміне сәйкес жеке ақпаратыңызды сұрауымыз және тексеруіміз қажет.

Заңды міндеттемелер: RoboForex компаниясы қаржылық ұйымдарға қатысты бірқатар заңдарға (мысалы, Қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы күрес туралы заң, Салық салу туралы заң және т.б.) бағынады. Бұл заңнамалық актілер мен директивалар өз ережелерінде көрсетілген жеке ақпаратты жинау және сақтауға компанияны міндеттейді.

Шағымдарды қарастыру: шағымға себеп болған мән-жайларды зерттеу үшін сіз зерттеуге дейін берген ақпаратты пайдалана аламыз.

Деректерді талдау веб-сайттымыздың пайдаланушылары мен ақпараттық бюллетень жазылушылары туралы сапалы және сандық мінез-құлық деректерін жинау үшін олардың қалауларын ескеру және оларға сәйкес мазмұнды қамтамасыз ету мақсатында біз әртүрлі құралдарды қолданамыз.

Маркетинг мақсаттары: егер сіз маркетинг және байланыс материалдарымызды алуға келіскен болсаңыз, жеке деректеріңізді сізге өнімдеріміз, қызметтеріміз және алдағы іс-шараларымыз туралы ақпарат жіберу мақсатында пайдаланамыз.

Заңды ескертулер: заң бойынша сізге өнімдеріміз бен қызметтерімізді ұсыну немесе пайдалану шарттарындағы өзгерістер, сондай-ақ қолданыстағы Келісімдерге енгізілген өзгерістер туралы хабарлауымыз қажет. Ол үшін кейбір жеке деректеріңізді пайдаланатын боламыз.

ЕО/ЕЭА елдері клиенттерінің жеке деректерін жинаудың негізгі себептері мен мақсаттары "Жеке деректерді өңдеу шарттары" құжатында сипатталған.

Жеке деректеріңізді кімге жария ете аламыз?

Компания жеке деректеріңізді сұралған көлемде және жоғарыда сипатталған себептер бойынша келесі тұлғаларға ашу құқығын өзіне қалдырады:

  • Үшінші тарап маркетинг және жарнама жеткізушілері.
  • Серіктестер және еншілес компаниялар.
  • Аудиторлар мен контрагенттер.
  • Үшінші тарап қызмет жеткізушілері.
  • Мемлекеттік құрылымдар.
  • Өзіңіз бекіткен кез келген тұлғаларға.

Ешқандай жеке ақпарат ешбір компанияның тиісті келісімі жоқ үшінші тарап ұйымы немесе кез келген басқа ұйымға ешқашан жарияланбайтынын ескертеміз.

Еуропалық экономикалық аймақтан тыс деректерді беру

RoboForex компаниясы ЕО/ЕЭА клиенттерінің жеке деректерін Еуропалық экономикалық аймақтан тыс жібермейді.

ЕО/ЕЭА елдері клиенттерінің олардың жеке деректеріне қатысты құқықтары

Заңға сәйкес біз жинайтын және өңдейтін жеке деректеріңізге қатысты келесі құқықтарыңыз бар:

1. Біз нақты нені өңдейтінімізді нақтылай отырып, жеке деректеріңіз өңделіп жатқаны туралы хабардар болу құқығы.

2. Жеке деректеріңізге қол жеткізу құқығы.

3. Жеке деректеріңіз дұрыс емес немесе ескірген болса, оларды түзету құқығы.

4. Құжатпен дәлелденген сұрауыңыз бойынша біздің серверлерден жеке деректеріңізді жою құқығы.

5. Жеке деректеріңізді өңдеуге тыйым салу құқығы (бұл тыйым деректерді сақтауды қамтымайды).

6. Деректерді тасымалдау құқығы. Кейбір жағдайларда бізде сақталған барлық жеке деректеріңізді машинамен оқылатын форматта алуға құқығыңыз бар.

7. Жеке деректеріңіздің өңделуіне қарсылық білдіру құқығы.

8. Егер бұл бас тарту сіз және RoboForex компаниясы арасындағы келісімшартты орындауға кедергі келтірмесе, профильдеуді қоса алғанда, автоматтандырылған шешім қабылдау жүйесіне қатысудан бас тарту құқығы.

Клиенттерінің құқықтарын құрметтей отырып, компания жоғарыда аталған құқықтарды, егер олар Қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы заң, Терроризмді қаржыландыруға тыйым салу туралы заң, есептерді сақтау бойынша компанияның міндеттемелері және т.б. сияқты әртүрлі заңдардың талаптарына қайшы келмейтін жағдайда пайдалана алатыныңызды хабарлайды.

Деректерді қорғау жөніндегі менеджер

Барлық құқықтарыңызды жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ RoboForex компаниясы жинайтын жеке деректеріңізді қорғауға қатысты сұраулар мен шағымдарды жіберу үшін ең алдымен, dpo@roboforex.com мекенжайы арқылы Деректерді қорғау жөніндегі менеджерге хабарласыңыз.