- Қаражатыңызды жоғалту мүмкіндігін сөзсіз факт ретінде қабылдаңыз. Әрбір жаңадан бастаған трейдер валюта нарығындағы шығындардан ешкімнің сақтандыруы жоқ екенін түсінуі қажет. Валюта саудасындағы негізгі ереже - пайданың шығыннан әлдеқайда көп болуы қажет.
- Саудаға нақты белгіленген жоспармен ғана қатысыңыз. Сауда жасауды бастау алдында жеке қаражатыңыздың қанша бөлігін тәуекелге беруге дайын екеніңізді және қанша пайда күтетініңізді анықтауыңыз қажет. Бұл сіздің тәуекел-табыс қатынасыңыз болады. Табысты трейдерлер ешқашан өз мақсаттарын нақты түсінбестен сауда жасауға кіріспейді.
- Валюта нарығынан қорқудың қажеті жоқ. Көптеген жаңадан бастағандар Форекс нарығындағы белгісіздік пен тәуекелдерге қатысты қажетсіз уайымға батады. Өзін жеңіп, трейдерлерге арналған барлық кеңестерге терең ұғына алғандар үшін өз капиталын ұлғайту тұрғысынан Форекс шынымен шексіз мүмкіндіктер береді.
- Қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік алыңыз. Табысты трейдерлер жеке жауапкершіліктен ешқашан бас тартпайды. Тәжірибелі трейдерлердің кез келген кеңесін ескеруге болады, бірақ мәмілелер үшін олардың нәтижесіне қарамастан, барлық жауапкершілік тек сізде болады.
- Ашкөздікке жол бермеңіз. Сауда сәтті қалыптаса бастағанда, трейдерлер саудасының одан әрі сәтті жалғасуына үміттеніп, бұрын қойылған мақсаттарды жиі ұмытып кетеді. Дегенмен, нарық өте құбылмалы және трендтер тез аяқталуы мүмкін. Мақсатты бағаға қол жеткізгеннен кейін бірден пайданы шығарып алыңыз немесе мәмілені залалсыздыққа аударыңыз.
- Жаңалықтың саудаға әсері. Қандай да бір маңызды оқиғадан туындаған сауда көлемінің ұлғаюы айтарлықтай баға қозғалысына әкеледі. Форекс трейдерлерінің барлық кеңестері, бұл уақытта нарықтағы қысқа мерзімді және жылдам өзгерістерді пайдалануға бағытталған. Тәжірибесі аз трейдерлер, оларды айтарлықтай пайдаға дәмелететін, күніне бір сауда операциясына жиі ұмтылады.
- Иллюзияға түспеңіз. Егер ашық позиция ұтылып жатса, тренд сізге қажетті бағытқа бұрылады деген үмітпен нарықта қалмаңыз. Залалды мәмілелерді жауып, нарықтан дереу шығыңыз.
- Эмоцияларды өшіріңіз. Көбінесе шығындардың себебі шамадан тыс эмоционалдылық пен кеңес тыңдамау болып табылады. Форекс мәмілелер өткізу кезінде эмоцияларды толығымен өшіруді талап етеді. Белгіленген жоспарды тұрақты ұстаныңыз және «стоп» қоюды ұмытпаңыз.
- Тренд - сіздің досыңыз. Тренд бағыты бойынша сауда жасаңыз - сонда пайдаңыз өсетін болады.
Бастамас бұрын форекс трейдеріне арналған соңғы кеңестер:
- Асықпаңыз. Жаңадан бастаушы трейдерлер жиі бірнеше сауда ашады, содан кейін оларды қадағалай алмайтынын түсінеді. Форексте валюта бағамы көтерілгенде де, төмендегенде де пайда табуға болады. Тек бір валюта жұбында сәтті табыс табуға болады. Сондықтан алдымен бір валюта жұбына назар аударыңыз, ал қалғандарын біртіндеп меңгеріңіз.
- Стоп-ордерларды есте сақтаңыз. Шығындардың жалпы себебі - ақшаны дұрыс басқармау. Үлкен шығындардың алдын алу үшін стоп-ордерді қолдануды ұмытпаңыз.
- Сауда жүйесі. Әрбір трейдерде өзі үшін арнайы бейімдеген өз сауда жүйесі бар. Кейбір трейдерлер күндізгі сауда жүйесін қалайды, басқалары ұзағырақ кезеңдерге қызығушылық танытады. Ең бастысы - белгіленген сауда жоспарынан ауытқымау және тәжірибелі трейдерлердің кеңестеріне назар аудару. Бірнеше сәтсіз мәмілелер әрқашан сауда стратегияңыздың тиімсіз екенінің белгісі емес.
- Пайданы бекіту. Жаңдана бастаған трейдерлердің жиі жіберетін қатесі - пайдалы позицияларды ерте жабу. Белгіленген сауда жоспарыңыздан ауытқымаңыз. Бұл әлеуетті пайданы жоғалтпауға мүмкіндік береді.
- Тиімді позицияларды залалдыға айналдырмаңыз. Нарық қозғалысын мұқият бақылаңыз. Оң мәндерге жеткенде, нарыққа кіру деңгейінде стоп орнатыңыз. Бұл салынған қаражатты қорғауға мүмкіндік береді. Содан кейін позициялар сіз үшін оң болып қалуы үшін стопты тренд артымен жылжытыңыз.
- Жиі кірулер. Нарыққа жиі кірудің еш жамандығы жоқ. Бірақ егер оларды епсіз пайдалансаңыз, онда ешқандай кеңестер көмектеспейді және мұндай сауда сізді банкроттыққа әкеледі. Стратегияның мәні мынада: залалды позиция кезінде трейдер нарық бұрынғы күйіне оралады және барлық ордерлар пайдамен жабылады деп есептей отырып, қосымша мәмілелер арқылы позиция көлемін арттырады. Алайда, айырбас бағамы бұрынғы деңгейден алыс кетсе, онда шығындар бұдан да елеулі болады. Сондықтан салынған қаражатты қайтарып алуға тырысқаннан гөрі, бір мәмілені «сатып алу және ұстау» жақсы.
- Алдын ала жоспарлау. Форекс нарығына тек бағаның күрт өсуі немесе құлдырауы себебіне байланысты кірмеңіз. Қалай сауда жасайтыныңызды алдын ала жоспарлаңыз. Кіру нүктесі, пайданы бекіту деңгейлері және шығындарды шектеп, тоқтау сәті туралы нақты түсінігіңіз болсын.
- Капитал жоғалтпау. Тапқан ақшаны сақтап қалу қажет. Залалды позицияларды уақытында жауып, табысты позицияларды алдын ала жоспарланған деңгейге дейін ұстаңыз.
- Импульс пен тренд. Жаңадан бастаған трейдерлер жаңа трендтің пайда болуымен импульс өсетінін жиі білмейді. Жаңадан қосылған трейдерлер, тренд өскен сайын нарықтағы ашық ордерлар жалпы көлемін ұлғайтатын, күшті импульс құрады. Импульс сіздің пайдаңызға болған кезде сауда жасаңыз. Дұрыс амал кезінде ол саудаңызды дұрыс бағытта итермелейді және пайданы бекіту нүктесіне күткеннен де тезірек жетесіз.
- Залалды позицияларға көп уақыт жұмсамаңыз. Ашық позицияның тиімсіз екенін және тәжірибелі трейдерлердің пікірінше, ол бағытын өзгертуі екіталай екенін байқаған кезде, оны жабу және шығындарды азайту ең дұрыс шешім болады. Валюта нарығында тиімді мәмілелер ашуға көптеген мүмкіндтер бар, сондықтан залалды позицияларға уақыт жұмсау дұрыс емес.
Тәжірибелі Форекс трейдерлерінің жоғарыда келтірілген кеңестерін ұстану арқылы валюта нарығындағы көрсеткіштеріңіздің жақсарғанын тез байқайтын боласыз. Енді Форекс шотын ашу арқылы нақты сауданы сенімді түрде бастай аласыз.