Ысылмаған жаңадан бастаушы әрқашан ол үшін барлық жұмысты жасайтын және оған бір де бір батырма басуды қажет етпейтін сауда роботын табуға қызығушылық танытады. Бұл еліктірме компьютер дәуірдің барлық трейдерлерін мазалайды. Сонымен қатар, шешім қабылдауға қатысты жауапкершілік ауыртпалығы кететіні де тартымды көрінеді - барлық әрекеттерге сауда роботы жауапты.
Сауда роботы - бұл трейдердің тікелей қатысуынсыз, трейдер тапсырмасы бойынша терминалда қандай да бір әрекеттерді орындай алатын бағдарлама. Барлық қабылданған тапсырмаларды бағдарлама автоматты немесе механикалық түрде орындайды, сондықтан Форекс роботтарды «сарапшылар» немесе механикалық сауда жүйелері (МСЖ) деп те аталады. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл трейдердің қатысуынсыз форекс брокеріне ордерлар жіберетін бағдарлама. Брокерлік компания серверіне қосылған қолда бар сауда терминалына роботты орнатасыз, барлық баптауларды орындайсыз, содан кейін «кеңесші» онда бағдарламаланған стратегия бойынша сауда жасай бастайды.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, сауда роботы - бұл таптырмайтын нәрсе. Қабылдаған шешімі үшін трейдердің жауапкершілігі төмендейді, ал саудамен байланысты күйзелістің өзі төмендейді. Трейдерге техникалық және іргелі талдауды терең білудің қажеті жоқ, өйткені барлық есептеулер бағдарламаға енгізіліп қойған. Сонымен қатар, Форекс сауда роботы трейдер жұмыс орнында болмаған жағдайда да сауда сигналдарын өңдеуге қабілетті.
MetaTrader 4 платформасына арналған сауда роботтары MQL4 бағдарламалау тілінде жазылады. Бұл тілді сауда терминалының өндірушісі арнайы кеңесшілер жазу үшін әзірлеген. Ол тәулік бойы онлайн режимде сауда жасайтын сауда жүйесін оңай бағдарламалауға мүмкіндік береді. Бұл тілмен таныс бағдарламашылар үшін мұндай жұмыс қиындық тудырмайды. Қарапайым пайдаланушылар үшін бұл қиынырақ тапсырма болады.
Роботтардың тиімдірек жұмыс істеуі үшін өз техникалық көрсеткіштеріңізді құруға болады. Олар MetaTrader 4 терминалындағы қолда бар көрсеткіштерге тамаша қосымша болады. Сауда роботтарында көрсеткіштерді пайдаланудың мақсаты, аналитикалық функцияларды жүзеге асыру және сауда сигналдарын қалыптастыру болып табылады.
MetaTrader 4 сауда терминалында бірнеше кірістірілген сауда роботтары («кеңесшілер») бар. Олар тәуелсіз сауда жүйесінің функциялары және сауда сигналын дыбыспен сүйемелдеу мүмкіндігін қамтиды. Олар жаңадан бастаған трейдерлер арасында өте танымал және MetaTrader 4 сауда терминалында бағдарламалау құралдарын көрсету үшін арнайы жасалған.
Жеке «кеңесшіі» құру мүмкіндіктері керемет. Онда әртүрлі ордерларды баға және уақыт бойынша орналастыру, автоматты түрде қарама-қарсы ордерлар ашу және т.б. болады. Ақыр аяғында, бұндай бағдарламалардың кейбірі трейдерді жұмыс орнында толығымен алмастыра алады.
Сауда терминалында Форекс роботтарын бағдарламалап қана қоймай, оларды пайдалану алдында тарихи деректерде сынау мүмкіндігі бар - бұл «кеңесшілердің» тағы бір бірегей ерекшелігі. Бұл мүмкіндік өте пайдалы, өйткені ол өткен деректер бойынша механикалық сауда жүйесінің жұмысын тексеруге мүмкіндік береді - осылайша табыс табу мүмкіндігі және оған кедергі келтіруі мүмкін кемшіліктерді бағалайды. Сынау адамның қатысуынсыз сауда жасауды бастауға мүмкіндік береді, себебі нақты сауда басталғанға дейін ол әртүрлі нарықтық жағдайларда «сарапшы» мінез-құлық ерекшеліктерін ашады. Бұл мақсаттарда терминалда «кеңесшлер» кіру баптауларын оңтайландыру және сол арқылы олардың жұмысын жақсартуға болатын арнайы терезе бар.
Жаңадан бастағандар үшін жұмыс басында Форекс роботтарының мұндай мүмкіндіктері өте күрделі болып көрінуі мүмкін. Бірақ бір ай сауда жасаудан кейін трейдер жұмысының нәтижелеріне оң әсер ететін өз автоматты сауда жүйелерін бағдарламалауды бастай алады. Қаражатыңызды компьютерлік бағдарламаға сеніп тапсыру қиын болса, «кеңесшіні» дыбыстық ескертулер беретіндей етіп орнатуға болады. Бұл жұмысты айтарлықтай жеңілдетеді және графикалық талдау мен позицияларды ашу немесе жабу сигналдарын күтуге көп уақыт жұмсамауға мүмкіндік береді.
Интернетте көптеген сауда роботтары («кеңесшілер») қолжетімді, бірақ тиімдісін табу өте қиын. Ал егер барлығын қатарынан қолдана берсеңіз, онда депозитсіз қалу қаупі жоғары. Осыны ескере отырып, «кеңесші» бірінші қолжетімді жерден сатып алмаған дұрыс. Сондай-ақ, көптеген «кеңесшілер» бір валюта жұбында сыналғанда жақсы нәтиже көрсетіп, бірақ басқаларында нашар болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Сондықтан «кеңесшілерді» сыналған құралдарда қолданған жөн.