Сауда сессияларының кестесін білу, күш-жігерді ұтымды бөлу және мүмкіндіктер мен уақытты тиімді пайдалануды білдіреді. Сауда сессиялары - бұл банктер жұмыс істейтін және белсенді сауда жасайтын уақыт кезеңдері. Өздеріңіз білетіндей, Форекс нарығының сауда сағаттары шектелмеген және тәулік бойы жұмыс істейді. Әлемнің бір нүктесінде кеш түсіп, сауда жабылса, оның тағы бір нүктесінде таң атып, жергілікті валюта нарығы жұмыс істей бастайды. Сессиялар бірінің артынан бірі жүреді немесе ішінара бір-біріне сәйкес келеді, сондықтан трейдерлер өздеріне қолайлы уақытта сауда жасай алады. Валюта нарығына кез келген уақытта кіре отырып, барлық елдерде қор биржаларында демалыс күні болатын сенбі мен жексенбіден басқа күндері, оны жұмыс істеп тұрған жағдайда табасыз. Сондай-ақ, ол Рождество, Жаңа Жыл және Пасха сияқты мерекелерде жұмыс істемейді.
Форекс нарығындағы сауда сессияларының кестесін білу, валюталар әртүрлі сессияларда әртүрлі әрекет ететіндіктен де пайдалы. Осылайша, иен әдетте "тіріліп", азиялық сессия кезінде белсенді түрде қозғала бастайды, ал еуромен сауда еуропалық сессия кезінде белсендірек болады. Қалған уақытта бұл валюталарға бағаның күрт қозғалысы тән емес. Ең "агрессивті" болып американдық сессия табылады - өзінің "туған" долларын айтарлықтай төмендетуі немесе керісінше нығайтуы мүмкін.
Валюта нарығына әлемнің әр түрлі уақыт белдеулерінен көптеген елдер іс қосылғандықтан, шатаспау үшін нарықтың сауда сағаттары әдетте Гринвич уақытына (GMT) сәйкес есептелген. Қазіргі уақытта GMT стандарты ескірген деп табылып, оның орнына UTC - үйлестірілген әмбебап уақыт пайдаланылады. RoboForex сервер уақыты UTC-тен 2 сағатқа (UTC+2) ерекшеленеді. Жазда жазғы уақытқа көшуге байланысты бұл көрсеткіш UTC + 3-ке тең болады.
Сауда сессияларының кестесі – валюта нарығының жұмыс уақыты. UTC+2 уақыт белдеуі (Шығыс Еуропа уақыты, EET):
Аймақ | Қала | Ашылу | Жабылу |
---|---|---|---|
АЗИЯЛЫҚ | Токио | 02:00 | 10:00 |
Гонконг | 03:00 | 11:00 | |
Сингапур | 02:00 | 10:00 | |
ЕУРОПАЛЫҚ | Франкфурт | 08:00 | 16:00 |
Лондон | 09:00 | 17:00 | |
АМЕРИКАНДЫҚ | Нью-Йорк | 15:00 | 23:00 |
Чикаго | 16:00 | 24:00 | |
ТЫНЫҚ МҰХИТТЫҚ | Веллингтон | 22:00 | 06:00 |
Сидней | 22:00 | 06:00 |
Әрбір аймақтық валюта нарығының өзіндік сипаттамалары бар.
Бұл сауда сессиясының барысында АҚШ доллары иенге (USDJPY), еуро иенге (EURJPY), еуро долларға (EURUSD) және австралиялық доллар АҚШ долларына (AUDUSD) қатысты мәмілелер ең белсенді болып табылады.
Еуропа сауда сессияларының кестесі уақыт белдеулерінің айырмашылығына байланысты азиялықтардан айтарлықтай ерекшеленеді. Франкфурт орталық еуропа уақыты бойынша 08:00-де, Лондон 09:00-де ашылады. Бұл уақытта сауда еуропалық қаржы орталықтарында өтеді. Ең танымал валюта жұптарының құбылмалылығы сауда сессиясы Лондон нарығында басталғаннан кейін айтарлықтай артады. Сауда белсенділігі түскі асқа қарай біршама азаяды, бірақ кешке қарай ойыншылар қайтадан белсенді түрде операциялар орындай бастайды. Еуропалық сауда сессиясындағы бағамдардың өзгеруі айтарлықтай болуы мүмкін, өйткені ақшаның негізгі бөлігі Еуропада шоғырланған.
Валюта нарығындағы ең қарқынды операциялар Нью-Йорк сессиясының ашылуымен басталады. Осы уақытта АҚШ банктері өз сауда қызметін бастайды және еуропалық дилерлер де түскі үзілістен кейін оралады. Еуропалық және американдық банктердің әсері шамамен бірдей, сондықтан еуропалық сауда сессиясымен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістер болмайды. Алайда еуропалық нарық жабылғаннан кейін құбылмалылық күшеюі мүмкін. Көбінесе бұл жұма күні кешке, демалыс күндері алдында байқалады. Американдық сессия саудада басқаларға қарағанда агрессивті болып келеді.