Қаржы нарықтары - бұл бір экономикалық құрал екіншісіне айырбасталатын жаһандық сауда алаңдары. Жарқын мысал, бір елдің ақша бірліктерін басқа елдің валютасына айырбастауға болатын валюта нарығы.
Қаржы нарықтарында өз мүддесі үшін мәмілелер жасайтын адамдар трейдерлер деп аталады. Олардың жұмысының негізгі мақсаты - сауда құралдары бойынша мәмілелерден пайда табу.
Әрі қарай осы парақшада, қаржылық нарықтардағы алғашқы қадамдарыңызды жасау үшін және инвестициялық портфелі және бірегей сауда стратегиясы бар тәжірибелі трейдер болу үшін не қажет екенін білесіз.
Трейдер табысы - бұл сатып алынған және сатылған уақыты арасындағы активтің баға айырмашылығы. Оңай естіледі, бірақ бұл схеманы жүзеге асыру қаржылық құрал бағасының өсуі немесе төмендеуін болжау мүмкіндігін және сауда тәжірибесін талап етеді.
Қаржы нарықтарында сауда жасауды бастау үшін трейдердің Жеке кабинетін тіркеу және сауда терминалы, шоттың базалық валютасы және несие қаражаты өлшемін таңдап, тиісті шот ашу қажет.
Тіркелу процесі туралы көбірек білу үшін қысқаша бейне нұсқаулығымызды қараңыз (қазақша субтитрлерді тікелей ойнатқышта белсендіріңіз):
Шот ашуШот ашу бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулықRoboForex клиенттері саладағы ең танымал терминалдардың бірін таңдап, оны компьютері немесе мобильді құрылғысына орната алады. Әрқашан қозғалыста жүретіндер үшін үйреншікті браузерде кез келген уақытта іске қосуға болатын сауда платформаларының веб-нұсқалары бар.
Трейдерлер қауымдастығының сеніміне ие болған ең танымал платформалардың бірі.
ТолығырақБірегей инновациялық мүмкіндіктері бар классикалық терминалдың жаңартылған нұсқасы.
Толығырақ12 000 актив және ең озық құралдарға қолжетімділік беретін мульти-нарықтық веб-платформа.
ТолығырақMT4 шоттарында жылдам және ыңғайлы сауда жасау үшін RoboForex компаниясы әзірлеген веб-терминал.
ТолығырақRoboForex клиенттері танымал активтердің кең ауқымына қол жеткізе алады: акциялар, индекстер, металдар - барлығы 12 000-нан астам құрал. 1 актив таңдау немесе бірден бірнешесіне инвестиция жасау арқылы инвестициялық портфельді әртараптандыру - бұны әрбір трейдер өзі шешеді.
Активтер туралы толығырақRoboForex компаниясымен сауда жасауды бастау үшін 10 АҚШ доллары көлеміндегі минималды депозит жеткілікті, алайда активтердің кең ауқымына қол жеткізу үшін 100 АҚШ долларынан бастап салым жасау қажет.
Қосымша сауда мүмкіндіктері несие қаражаты арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл не және қарыз қаражатын пайдалану арқылы қауіпсіз сауда жасау туралы - RoboForex ұсынған бейнеде.
Шотқа қаражат салуВалюта нарығының мысалында.
Мұндай ордер ашу кезінде актив бағасы көтерілуі керек деп болжанады.
Трейдер сауда құралының бағамы төмендейді деп күткен кезде осы ордер ашылады.
Сізді қызықтыратын валюта жұбын таңдаңыз.
Сауда терминалының панеліндегі "Жаңа ордер" батырмасын басып, мәміле көлемі, тейк-профит және стоп-лосс деңгейлерін орнатыңыз.
Мәміле үшін қай бағытты таңдағаныңызға байланысты "Сатып алу" немесе "Сату" батырмасын басыңыз.
Енді пайдаланылған құрал бағамының өзгеруін бақылап, кейінірек өзіңіз таңдаған сауда стратегиясына сәйкес мәмілені жабуыңыз қажет.
Сауда стратегиясы - бұл трейдер өз жұмысында ұстанатын ережелер жиынтығы. Әрбір инвестор талдау әдісі (іргелі немесе техникалық), мәмілелер ұзақтығы (қысқа, орта немесе ұзақ мерзімді) және қосымша құралдарды (сауда сигналдары және автоматтандырылған стратегиялар) таңдай отырып, өз тактикасын қалыптастырады.
Жеке сауда стилін тартымды активтердің мінез-құлқын зерттеу және кәсіби трейдерлердің тәжірибесін қабылдау арқылы ғана іс жүзінде дамытуға болады.
Сауда жасауды бастау