«Классикалық сыйақылар» бағдарламасы 2023 жылдың 12 желтоқсанында жабылады. Осы уақытқа дейін алынған барлық бонустар жойылғанға, жоғалтқанға немесе өтеу талаптары орындалғанға дейін белсенді болып қалады.

Классикалық бонус - Бағдарлама ережелері

  1. Жалпы ережелер
    1. Классикалық бонус (бұдан әрі - Бонус) - бұл Жеке кабинеттің автоматты толтыру жүйесі арқылы жүзеге асырылған әрбір төлем сомасының пайызы ретінде сауда шотын толтырған кезде есепке алынатын депозиттік бонус.
    2. Клиентке Бонус мәнін таңдау құқығы беріледі: 25%, 50%, 100% немесе 120%.
    3. Бонусты MetaTrader 4 және MetaTrader 5 платформаларында ашылған цент немесе стандартты шотты толтыру кезінде алуға болады. 
    4. Бонусты пайда үлесі бар шотқа есептеу мүмкін емес.
    5. Бұл опцияны клиент толтыру нысанында таңдаған жағдайда Бонус шотты толтыру кезінде автоматты түрде есепке алынады.
    6. Бонус Жеке кабинеттің авоматты толтыру жүйесі арқылы шотты толтыру кезінде беріледі. Басқа шот толтыру әдістері бағдарламаға қатыспайды.
    7. Сіз ал алатын нақты форекс бонустарының максималды мөлшері:
      • 50 000 АҚШ доллары / 50 000 еуро / 39 000 алтын

      Жеке деректер растауына өтпеген клиенттер үшін төмендетілген шектеулер қолданылады.

    8. Бір шоттағы бонустардың максималды саны - 20, бір Жеке кабинеттің барлық шоттарында - 100.
    9. Бонус бағдарламасында бонустық шоттар саны мен бонустық операциялар санына ешқандай шектеулер жоқ.
    10. Серіктестер үшін бонустық шоттардан комиссиялық төлемдерге ешқандай шектеулер жоқ.
    11. «Классикалық бонус» бонустық бағдарламасы Малайзия мен Таиландтан келген клиенттер үшін қолжетімді емес.
  2. Бонуспен жұмыс
    1. Шотта белсенді Бонустар болса, клиенттің барлық қаражаты 2 бөлікке бөлінеді: клиенттің меншікті қаражаты және бонус есептеулер. Клиенттің меншікті қаражаты салу және шешіп алу (Бонустарды қоспағанда) сомалары, сондай-ақ шотта сауда жасаудан алынған пайдадан тұрады.

      Бонус есептеулері клиенттің шотындағы барлық белсенді Бонустар сомасымен анықталады.

      Меншікті қаражатты клиент ешқандай шектеусіз саудада пайдалана алады. Бонус қаражатын "төмендеу" кезінде пайдалану мүмкін емес - шоттағы меншікті қаражат белсенді Бонустар сомасынан кем болған жағдайда олар шоттан шығарылып тасталады.

      Мысал

      Сіз шотты 5 000 АҚШ долларымен толтырдыңыз және 2 500 АҚШ долларына тең 50% бонус алдыңыз. Егер меншікті қаражат 2 500 АҚШ долларынан кем болса, Бонус шоттан шығарылып тасталады.

    2. Бонустар туралы жиынтық ақпарат, сондай-ақ бонус қаражаты жойылатын шоттағы меншікті қаражат сомасы:
      1. Жеке кабинеттің "Қосымша қаражат" бөлімінде.
      2. RoboForex компаниясының WebTrader веб-платформасындағы "Қосымша қаражат" қойындысында.
  3. Белсенді бонусы бар шоттан қаражат шығарып алу
    1. Бонус сомасы өңделгенге дейін ол алынған толтыру сомасымен бірге шоттан алу үшін бұғатталады.
    2. Сауда айналымы шарттары орындалғанға дейін шоттан бос қаражат сомасынан есептелетін қолда бар пайданы ғана, келесі формула бойынша алуға рұқсат етіледі:

      <Шығарып алу үшін қолжетімді пайда> = <Бос қаражат> - <Белсенді бонустар сомасы> - <Бонустар есептелген депозиттер сомасы>

      Мысал

      Сіз шотты 5 000 АҚШ долларымен толтырдыңыз және 2 500 АҚШ доллары бонусын (депозитке 50%) алдыңыз. Бонус есептелген сәттен бастап жабық мәмілелер бойынша нәтиже 250 АҚШ долларын құрады (бұл ретте шотыңызда ашық мәмілелер жоқ). Бонус бағдарламасының ережелеріне сәйкес, алынған Бонустан бас тартпай шотыңыздан 250 АҚШ долларынан аспайтын соманы (пайдаңыз) шешіп ала аласыз.

    3. Сауда шотында ашық мәмілелер болса, бос қаражат шоттың меншікті қаражатынан өзгеше болуы мүмкін.
  4. Бонусты пайдалану, жою және есептен шығару
    1. Толтыру сомалары және олар бойынша есептелген Бонустар бұғаттан шығарылады және шот бойынша жалпы сауда айналымы (стандартты лоттар бойынша) орындалғаннан кейін келесі сомада шығарып алуға қолжетімді болады:

      <Лот саны> = <АҚШ долларындағы бонус сомасы *> / 2

      * - Шот басқа валютада толтырылған жағдайда АҚШ долларына айырбастау компанияның ішкі бағамы бойынша жүргізіледі.

      Мысал

      Сіз MT4 Pro түріндегі шотқа 300 АҚШ доллары бонусын алдыңыз. Оны шешіп алу үшін 300 АҚШ доллары / 2 = 150 лот сауда көлемін (сауда көлемі жабылған мәмілелер бойынша есепке алынады) орындау қажет. 1 стандартты лот = ProCent шоты үшін 100 лот.

    2. Сауда айналымы шарттарын орындау кезде, шотқа Бонус есептелгеннен кейін ашылған және жабылған сауда жасауға қолжетімді барлық валюта жұптары мен металдар бойынша мәмілелер есепке алынады.
    3. Стоп-аут оқиғасы орын алған жағдайда, барлық Бонустар автоматты түрде толығымен клиент шотынан есептен шығарылады.
    4. Клиент Бонустан бас тартуға құқылы, бұл ретте осы Бонус алынған меншікті қаражатты шығарып алуға шектеу жойылып, Бонус шоттан есептен шығарылады.

    Назар аударыңыз, науқан шарттарының ажырамас бөлігі болып RoboForex компаниясының алдын ала ескертусіз және себептерін түсіндірместен Бонусты есептеуден бас тарту немесе клиенттің шотынан барлық бонустарды есептен шығару құқығы табылады.

Есептеу мысалдары

  1. Бір толтыру және бір Бонуспен алуға болатын соманы есептеу мысалы (бонустан бас тарту)

    Сіз шотты 1 000 АҚШ долларына толтырдыңыз және 200 АҚШ доллары бонусын (20%) алдыңыз. Жалпы баланс 1 200 АҚШ долларын құрайды. Шоттан әлі ештеңе шығарып алу мүмкін емес, өйткені Бонус сомасы да, толықтыру сомасы да бұғатталған.

    Сіз сауда операцияларын жасап, 500 АҚШ доллары көлемінде пайда таптыңыз. Бонус өтелмесе, шығарып алуға болатын сома 500 АҚШ долларын құрайды.

    Бонустан бас тартсаңыз, 1 000 АҚШ доллары көлеміндегі толтыру сомасы және 500 АҚШ доллары көлеміндегі пайда қолжетімді болады.

  2. Бір толтыру және бір Бонус мысалы (теріс пайда, Бонустан бас тарту)

    Сіз шотты 1 000 АҚШ долларына толтырдыңыз және 500 АҚШ доллары бонусын (50%) алдыңыз. Жалпы баланс 1 500 АҚШ долларын құрайды. Шоттан әлі ештеңе шығарып алу мүмкін емес, өйткені Бонус сомасы да, толықтыру сомасы да бұғатталған.

    Сауда операцияларының нәтижесінде сіз 300 АҚШ доллары көлемінде теріс пайда (зиян) аласыз. Балансыңыз 1 200 АҚШ долларын құрады. Бонус жойылса, ол толығымен есептен шығарылады (500 АҚШ доллары) және сіз өз шотыңыздан 700 АҚШ долларын шеше аласыз.