RoboForex Ltd компаниясының 000138/7 нөмірі бойынша FSC (Белиз халықаралық қаржылық қызметтер комиссиясы) "Қаржы және шикізат тауарға негізделген туынды қаржы құралдары және басқа бағалы қағаздармен сауда жасау" арнайы брокерлік лицензиясы бар.
FSC (Белиз халықаралық қаржылық қызметтер комиссиясы) - Белиз халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтер нарығын реттеушісі.
FSC әрекеттері Белиз бағалы қағаздар министрлігі және Қаржылық қызметтер комиссиясымен (FSC актісі) реттеледі. Қаржы қызметтері нарығын реттеуші ретінде FSC нарық қатысушыларының қызметін лицензиялайды және бақылайды, сондай-ақ өз лицензиаттарының тиімділігі, адалдығы және ашықтығының кепілі ретінде әрекет етеді. Реттеуші сенімділік дәрежесі және әлеуметтік жауапкершілік деңгейі жоғары компаниялар ғана Белиз және одан тыс жерлерде жұмыс істеуге рұқсат алатынына кепілдік береді.
Ақшаны жылыстатумен күресу үшін FSC AML (ақшаны жылыстатуға қарсы) саясатының халықаралық қағидаттарын ұстанады.
Реттеуші ұйым веб-сайты: Қаржылық қызметтер комиссиясы
RoboForex Ltd өз мүшелері және олардың клиенттері арасындағы қақтығыстарды шешумен айналысатын халықаралық ұйым болып табылатын Қаржы комиссиясының ресми мүшесі болып табылады.
Комиссияның мақсаты - өз мүшелері және олардың клиенттері арасында туындайтын жанжалды жағдайларды сотқа дейінгі балама шешуді қамтамасыз ету. Қаржы комиссиясына өтініштер орыс, ағылшын, испан және қытай тілдерінде берілуі мүмкін. Қарау мерзімі - 7 күнге дейін.
Комиссияның әсерлі өтемақы қоры бар және ол бүкіл дүниежүзілік брокерлік қызмет бойынша сарапшылардан тұрады. Олардың қаржы нарықтары саласындағы үлкен тәжірибесі, кәсіби беделі және құқықтық сауаттылығы кез келген туындайтын дауларда өзара қолайлы шешім табуға мүмкіндік береді. Комиссияның шешімдері жағдайдың барлық қатысушылары үшін міндетті болып табылады.
Веб-сайт: Қаржы комиссиясы
"А" санатындағы Қаржы комиссиясының мүшесі ретінде RoboForex Ltd компаниясы, сонымен қатар оның өтемақы қорының мүшесі болып табылады. Өтемақы қоры - бұл Қаржы комиссиясы қабылдаған шешімді Қор мүшесінің өз бетінше орындауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, әр жағдай үшін 20 000 еуроға дейінгі төлемдерді қамтамасыз ететін, Қаржы комиссиясының мүшелері құратын құрылым. Толығырақ білу үшін осы жерді басыңыз.
Қор мақсаты - Қаржы комиссиясының қатысушы компаниялармен жұмыс істейтін трейдерлерді сақтандыру, сондай-ақ оларға өтемақы төлеу. Бұл төлемдерді Қаржы комиссиясының мүшесі болып табылатын компанияның кез келген клиенті, оның брокері комиссияның клиент пайдасына қабылдаған шешімінен бас тартқан немесе орындай алмаған жағдайда алады. Комиссия анықтайтын төлемдер сомасы бір трейдер үшін 20 000 евроға дейін жетуі мүмкін.
Қаржы комиссиясының өтемақы қоры, трейдерлерге қосымша қаржылық қорғау қамтамасыз ету үшін комиссия мүшелері ұйымдастырған арнайы қор болып табылады. Қор оған мүше компаниялардың ай сайынғы мүшелік жарналарынан құралады. Осы қаражаттың 10% өтемақы қорына тікелей аударылып, жеке банк шотында сақталады.
Веб-сайт: Қаржы комиссиясының өтемақы қоры
Біз RoboForex компаниясында трейдерлердің өз қаражаттарының қауіпсіздігі туралы алаңдамай, сауда жасауға назар аударуы керек екенін түсінеміз. Осыған байланысты клиенттер алдындағы міндеттемелерімізді орындау үшін қосымша шаралар қабылдадық. RoboForex компаниясы немқұрайлылық, алаяқтық, қателік, ұқыпсыздық және клиенттердің қаржылық шығындарына әкелуі мүмкін басқа да тәуекелдерге қарсы нарықтағы жетекші сақтандыруды қамтитын, 2 500 000 еуро лимитімен азаматтық жауапкершілікті сақтандыру бағдарламасын енгізді.
Бұл қамтамасыздандыру клиенттерімізге қосымша ақысыз ұсынылады.
RoboForex Ltd компаниясы "Менің саудамды растау (VMT)" ордерін орындалу сапасын сертификаттаудан сәтті өтіп, осылайша Қаржы комиссиясы мүше брокерлік компанияларына белгілеген жоғары стандарттарға толық сәйкестігін растады.
"Менің саудамды растау (VMT)" және Қаржы комиссиясы ынтымақтастығы арқасында қаржылық компаниялар ұсынатын қызметтердің сапа деңгейін сенімді бағалау мүмкін болды. "Менің саудамды растау (VMT)" тәуелсіз қызметі брокерлік компаниялардағы мәмілелерді өңдеудің саудадан кейінгі талдауын қамтамасыз етеді. Сауда тарихы деректері ай сайын талданып, эталонды орындаумен салыстырылады. VTM сертификаты бар компаниялар өзінің Қаржы комиссиясының барлық мүшелік стандарттарына сәйкес келетінін растау үшін ордерларды орындау статистикасын мерзімді түрде ұсынуы қажет.
RoboForex Ltd компаниясы басқа компаниялардың орындауымен салыстыру үшін ай сайын компания клиенттері жасаған 5 000 иесізденген мәмілелерді талдауға ұсынады. Қолданыстағы сертификатты растау үшін бақылау тексерулерінің нәтижелері нарықтағы орташа көрсеткіштерге сәйкес болуы қажет.
Реттеуші ұйым веб-сайты: Менің саудамды растау (VMT)