Экономикалық күнтізбе

Экономикалық күнтізбе дегеніміз не?

Экономикалық күнтізбе қаржы саласындағы алдағы оқиғалар туралы өзекті ақпаратты қамтамасыз ететін пайдалы құрал болып табылады. Экономикалық жаңалықтар күнтізбесіндегі деректер трейдерге қаржы нарықтарындағы жағдайды зерттеу және оның негізінде сауда жоспарларын құруға көмектеседі.

RoboForex компаниясының қаржылық күнтізбесі экономика саласындағы барлық маңызды оқиғаларды қамтиды: компаниялардың жаңа есептері, баға индекстері мен қаржылық көрсеткіштер, инфляция мен жұмыссыздықтың соңғы көрсеткіштері, қаржы саласының жетекші бөлімшелері басшыларының сөз сөйлеу күндері мен уақыты, сондай-ақ, жұмыс істеуде трейдерге пайдалы болатын басқа маңызды ақпарат.

Уақыт белдеуін анықтау

Жаңалықтар күнтізбесін қалай оқуға болады?

Трейдерлер қаржылық күнтізбені іргелі талдау құралы ретінде пайдаланады. Бұл блокта сіз келесіні білетін боласыз Экономикалық күнтізбе және оны кеңейтілген режимде пайдалану жолы.

Сауда көрсеткіштерін жақсарту үшін жаңалықтар күнтізбесін қалай пайдалануға болады:

  1. Экономикалық күнтізбемен жұмысты өзіңіз тұратын уақыт белдеуін таңдау арқылы бастаңыз. Оның арқасында көрсетілген жаңалықтар шығу уақыты сіздің аймағыңыздағы уақытқа сәйкес келетін болады.
  2. Осыдан кейін деректерді алғыңыз келетін уақыт аралығын таңдаңыз: RoboForex қаржылық күнтізбесінде ағымдағы немесе келесі апта жаңалықтары қолжетімді.
  3. Бір ел немесе елдер тізімінен экономикалық жаңалықтарды алғыңыз келсе, «Кеңейтілген сүзгілер» опциясын пайдаланыңыз. Онда жаңалықтар көзі болатын ел және нақтырақ уақыт кезеңін көрсете аласыз.
  4. Экономикалық күнтізбенің кандай да оқиғасы туралы мәліметтерді білу үшін таңдалған пункттің оң жағындағы ашылмалы мәзірді басыңыз - осылайша оның толық сипаттамасын көретін боласыз.
  5. RoboForex өз клиенттері үшін ең қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге тырысады, сондықтан қаржылық күнтізбенің пайдалы материалдарына қол жеткізу қарапайым және ыңғайлы.

Қаржылық күнтізбе не үшін қажет?

Экономикалық күнтізбе трейдерлерге сауда басталғанғадейін жақын арада валюта бағамдарының қай бағытта өзгеретінін болжауға көмектеседі. Жаңалықтар күнтізбесінің көмегімен трейдерлер нарықтың жалпы жағдайы туралы түсінік қалыптастырып, ондағы барлық ықтимал мүмкіндіктерді көре алады.

Қаржы нарықтары көптеген факторлардың әсеріне ұшырайды, олардың бастысы маңызды экономикалық жаңалықтарды жариялау болып табылады. Кейбір трейдерлер сала дамуына маңызды болып табылатын жаңалықтар немесе статистика шығу кезінде сауда жасауға ынталанады. Экономикалық күнтізбедегі деректер дұрыс түсінсе, олар қосымша пайда ала алады. Басқа алыпсатарлар, керісінше, мұндай кезеңдерде баға өзгерістерінің жоғары құбылмалылығы және болжауға болмайтындығына байланысты, жаңалықтар жарияланған кезде қаржы нарықтарында сауда жасаудан бас тартқанды жөн көреді.

Таңдалған тәсілге қарамастан, трейдерлер жаңа статистикалық деректерді және қаржы әлемінің маңызды жаңалықтарын қадағалауы қажет. Бұнда RoboForex экономикалық күнтізбесі көмектесе алады, онда ағымдағы барлық маңызды оқиғалар туралы ақпарат.