RoboForex вебинарлары - бұл тегін онлайн курстар және RoboForex сараптау бөлімінің сарапшылары қатысушылармен өз білімі және тәжірибесімен бөлісетін жеке сабақтар. Бұл парақшада біз RoboForex вебинарлары туралы ең танымал сұрақтарды жинадық.
Вебинарларымыз MyOwnConference платформасы арқылы өткізіледі. Вебинар барысында компания сарапшылары дәріс оқып, қатысушыларға компьютерлерінің экранын немесе презентация слайдтарын көрсетеді. Тыңдаушылар чатта өз сұрақтарын қоюға мүмкіндігі бар және жүргізушілер оларға барынша толық жауап беруге тырысады.
Вебинарға қатысу тегін.
Егер компаниямызда есептік жазбаңыз болса, вебинарға өту сілтемелері Жеке кабинетте қолжетімді. Сондай-ақ, біздің ақпараттық бюллетеньге жазыла аласыз (егер оны әлі жасамаған болсаңыз) - осылай қызықтыратын тақырып бойынша бірде-бір вебинарды жіберіп алмайтын боласыз. Ақпараттық бюллетеньге Жеке кабинеттің «Электрондық пошта жазылымдары» бөлімінде жазыла аласыз.
Әдетте вебинарлар 50-60 минутқа созылады. Бірақ олардың ұзақтығы талқыланатын тақырып, баяндамашының сөйлеу қарқыны және сессияға қатысушылар қойған сұрақтардың санына байланысты өзгеруі мүмкін.
Егер RoboForex клиенті болсаңыз, онда вебинарларға сілтемелер сізге Жеке кабинеттің «Вебинарлар кестесі» парақшасында қолжетімді. Вебинарға қосымша тіркелудің қажеті жоқ.
Вебинарға қатысу үшін оның басталуына 5-10 минут қалғанда алынған сілтеме бойынша өтіңіз.
Сілтемені басқаннан кейін сәйкестендіру үшін пайда болған браузер терезесінде атыңызды енгізуіңіз қажет.
«Кіру» батырмасын басу сізді вебинар бөлмесіне апарады. Вебинар жүргізуші қосыла салысымен көрсетілген уақытта басталады.
MyOwnConference – тегін вебинарларды өткізу үшін RoboForex таңдаған платформа. Қызмет мәліметінше, оны жылына 10 миллионнан астам адам пайдаланады.
Өткен вебинар жазылымын Жеке кабинеттің «Вебинарлар» парақшасынан көруге болады. Жазбалар вебинар өткеннен кейін 2-3 күн ішінде пайда болады.
Өкінішке орай, вебинар жазбаларын жүктеп алу мүмкін емес. Дегенмен, оларды кез келген уақытта Жеке кабинеттің «Вебинарлар» парақшасынан көруге болады.
Бұл блокта вебинарға қатысу кезінде туындауы мүмкін әртүрлі техникалық мәселелерді шешуге арналған нұсқауларды жинастырдық.
Техникалық қиындықтар туындаған жағдайда (мысалы, дыбыс немесе кескін жоқ), ең алдымен сілтеме арқылы жүйе тексеруінен өтіңіз. Бұл 30 секундтан аз уақыт ішінде мәселенің себебін анықтауға көмектесетін myownconference платформасын жасаушылар ұсынған сынақ.
Сонымен қатар, мәселелерді шешуге келесі нұсқаулар көмектеседі:
Компьютердің жұмыс үстеліндегі динамик белгішесін (құлаққаптар) тауып, дыбыс ойнату қосулы екеніне көз жеткізіңіз. Дыбыс өшірілген болса, тілқатысу терезесін ашу және қажетті дыбыс деңгейін орнату үшін белгішені басыңыз.
Вебинарды көріп отырған браузер парақшасын жаңартыңыз (F5). Бұл көмектеспесе, Интернетке қайта қосылыңыз.
Вебинар парақшасын жаңартып көріңіз немесе Интернет байланысын қайта қосып көріңіз.
Браузерде парақшаны көрсету масштабын 100% етіп орнатыңыз, содан кейін экранда чат терезесі пайда болуы керек.
Компьютерде ағымдағы күн мен уақытты тексеріңіз және орнатыңыз.