MetaTrader 5

Нарықтағы ең үздік сауда терминалдарының бірі

MetaTrader 5 сауда терминалы - бұл ордерларды орындаудың озық технологиялары ме нең өршіл сауда идеяларын жүзеге асыру үшін үлестірілген есептеулер жиынтығы. MetaTrader 5 – сауда роботтары мен стратегияларды жасау және сынауға арналған ең озық платформалардың бірі. Егер заманауи сауда жасаудың ең озық мүмкіндіктерін пайдаланғыңыз келсе, сондай-ақ сауда роботтарымен жұмыс істеу кезінде жылдамдық пен сенімділік маңызды болса, MetaTrader 5 платформасы сіз үшін ең жақсы шешім болып табылады.

  • Ордерларды орындаудың 4 түрі
  • Мультивалюталы тестер
  • Нарық "тереңдігінің" көрсеткіші
  • Кейінге қалтырылған ордерлардың 6 түрі
  • MetaTrader Market

    1 500-ден астам сауда сарапшылары мен техникалық көрсеткіштері бар үлкен және сенімді дүкен.
  • Икемді сауда жүйесі

    MetaTrader 5 платформасы дәстүрлі желілік және хедж ордерларды есепке алу жүйелері, нарық тереңдігі және ордерлар мен мәмілелердің бөлек есебін қамтамасыз етеді.
  • Алгоритмдік сауда жасау

    Мамандандырылған MQL5 әзірлеу ортасының көмегімен сауда роботтарын өз бетінше жасау, оңтайландыру және сынауға болады.
  • Виртуалды хостинг

    MetaTrader 5 платформасында роботтардың үздіксіз жұмысы және сауда сигналдарына жазылуды қамтамасыз ету үшін виртуалды хостингті жалға алуға болады.

Мобильді терминал MetaTrader 5

MetaTrader 5 мобильді қосымшасының көмегімен сауданы кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен, жұмыс істейтін кез келген портативті құрылғыдан жасауға болады. Қосымша желілік және хедж жүйелерін қолдайды, оның жұмыс істеуге қажетті барлық құралдары мен функциялары бар: нарық тереңдігі, сауда операцияларының барлық түрлері, 30 техникалық көрсеткіштер, 24 аналитикалық объектілер және т. б. Әрқашан нарықтық жағдайдан хабардар боласыз, сауда операцияларын орындап, олардың тарихын қадағалай аласыз.

MetaTrader 5
веб-терминалы

MetaQuotes компаниясының MetaTrader 5 веб-терминалы көмегімен, кез келген құрылғыда тікелей браузерден сауда жасай аласыз. Терминалдың веб-нұсқасында жұмыс үстелі нұсқасында қолжетімді барлық функциялар бар. Бұл әрқашан позицияларыңыздың жай-күйінен хабардар болу және ағымдағы нарықтық жағдайға байланысты жылдам сауда шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді. MetaTrader 5 веб-нұсқасын пайдалану үшін тек Интернет қосылымы, браузер және RoboForex сауда шотыңызға кіру құпиясөзі қажет.

MetaTrader Market

MetaTrader Market - бұл сауда кеңесшілері (роботтар), көрсеткіштер және қауіпсіздік деңгейі жоғары басқа қосымшаларды сатып алуға арналған бірегей платформа. Кеңесші немесе көрсеткіш төлемнен кейін бірден пайдалануға дайын. Сатып алудан бұрын қосымшаны сынау мүмкіндігі қолжетімді - Market нарығындағы әрбір өнімнің тегін демо-нұсқасы бар. Сонымен қатар, бұл жерде тегін бағдарламалардың үлкен базасы бар.

Толығырақ