Платформада қандай корпоративті іс-шаралар бар?

1. Дивидендтер:

Акциялар, ETF және олар бойынша CFD құралында ашық позиция болса, «дивидендсіз» күні шотқа дивидендтер есептеледі немесе есептен шығарылады. Ең жақын уақыт кезеңіне «дивидендсіз» күн кестесін сауда алаңының «Корпоративтік іс-шаралар» қойындысынан таба аласыз.

Ұзақ және қысқа позициялар

  • «Дивидендсіз» күнде (The ex-dividend date) ашық ұзақ позициясы бар клиентке, төленген дивидендке сәйкес сома тиісті сауда шотына аударылады. Операция клиент сауда терминалының «Шот туралы ақпарат» блогындағы «Тарих / History» қойындысында тіркеледі - «Қаражат түзетулері / Cash Corrections».
  • «Дивидендсіз» күнде (The ex-dividend date) ашық қысқа позициясы бар клиентке, төленген дивидендке сәйкес сома тиісті сауда шотының бос қаражатынан шегеріледі. Операция клиент сауда терминалының «Шот туралы ақпарат» блогындағы «Тарих / History» қойындысында тіркеледі - «Қаражат түзетулері / Cash Corrections».

Дивидендтер бойынша операция (Dividends procedure)

Дивидендтер бойынша операция дивидендсіз күні (The ex-dividend date), сервер уақыты бойынша сағат 15:00-де шот балансына/балансынан қаражатты есептеу/шығарып алу орындайды. Операция «Тарих / History» қойындысында тіркеледі.

Ұзақ позиция үшін ақшалай дивиденд көлемі (Cash Dividend Amount) келесіні құрайды:

Акция үшін дивиденд (Dividend per Stock) * көлем (Volume)

бұл жерде:
көлем (Volume) = келісімшарттар (Contracts) * келісімшарт көлемі (Contract Size)

Қысқа позиция үшін ақшалай дивиденд көлемі (Cash Dividend Amount) келесіні құрайды:

(-1) * Акция үшін дивиденд (Dividend per Stock) * көлем (Volume)

бұл жерде:
көлем (Volume) = келісімшарттар (Contracts) * келісімшарт көлемі (Contract Size)

АҚШ нарықтары акциялары бойынша алынған дивидендтер АҚШ салық салу объектісі болып табылады. Осы себепті, алынған дивиденд сомасының 15% шотыңыздан «Дивиденд салығы» деген түсініктемемен есептен шығарылады.

Дивиденд шот балансына қосылады және позицияның нәтижесіне әсер етпейді.

2. Акцияларды бөлшектеу (Stock Splits)

Акцияларды бөлшектеу жағдайында қажетті клиент позициясын түзету оның сауда шотында, мәлімделген бөлшектеу баптауларына сәйкес көрсетіледі.

Акцияларды бөлшектеу бойынша операция

Бөлшектеу бойынша операция серверде күн сайын, сервер уақытымен 15:00-де орын алады. Бұл операция кезінде тиісті акциялар бойынша барлық белсенді кейінге қалтырылған ордерлар (лимит, стоп) жойылады.

Барлық ашық қысқа және ұзақ позициялар үшін құрал бойынша, сәйкесінше орташа өлшенген баға мен жалпы көлем есептеледі. Бөлшектеу орын алып, жаңа баға мен жаңа көлем тағайындалады. Бұл ақпарат, тиісінше, ұзақ және қысқа максималды көлемі бар позицияға тағайындалады. Мәміледе бөлшектелген акциялар болған кезде, бұл акциялар жойылып, баланстық операцияға түрленеді - «Бөлшектеу кезінде қаражат түзету / Split Cash Correction». Сәйкес құрал бойынша басқа мәмілелер көлемі нөлге айналып, «Тарих / History» қойындысына аударылады.

3. Бөлшектелген акцияны реттеу (Fractional Share Adjustment)

Егер корпоративтік іс-шара нәтижесі болып бөлшек позиция табылса, RoboForex компаниясы өз қалауы бойынша, баланстық операция ретінде бөлшектеу компонентін клиент шотына есептеу құқығын өзіне қалдырады.

4. Басқа корпоративтік іс-шаралар (Other Corporate Actions)

Егер акция делистингтен өтсе, игерілсе, сатып алынса, сатылса немесе акционерлерге таратылса, клиент позициясы соңғы нарықтық баға бойынша жабылады.

RoboForex компаниясы клиенттерге өтіп жатқан корпоративтік іс-шаралар туралы ақпарат беруге міндетті емес.