R StocksTrader платформасы қандай комиссиялар алады?

Мәмілелер бойынша комиссия

Комиссия мәміле жасалған кезде алынады, яғни позицияны ашу, жабу немесе көлемін өзгерту бойынша кез келген ордер үшін шегеріледі. Бұл комиссия позиция нәтижесіне қосылады. Мәміле бойынша нақты комиссия жаңа ордер немесе жылдам сауда жасау терезесінде, сондай-ақ тарихта көрсетіледі.

Своп

Бұл несие қаражатын пайдаланып ашылған позицияны келесі сауда сессиясына ауыстыру үшін төлем. Бұл комиссия позиция нәтижесіне қосылады. Несие қаражаты позицияларға құрал және шот түріне байланысты қолданылады Шотыңыздағы нақты құралға қолданылған нақты несие қаражатын сауда платформаңыздың «Келісімшарт сипаттамасы» бөлімінен көруге болады.

Комиссия мөлшері тұрақты мән болып табылмайды және клиентке алдын ала ескертусіз өзгеруі мүмкін.

Свопты қалай санауға болады?
<Ашу бағасы> * <Позиция көлемі> * <Своп(%) / 100 / 360

Мысал:
Twitter: 100 акция, «ұзақ» позиция, своп: -7%
25 * 100 * (-7%) / 100 / 360 = (-0,49) АҚШ доллары

Кейбір құралдар үшін аптаның белгілі бір күнінде үш еселік своп логикасы қолданылады. Үш еселік своп күні әрбір құрал үшін «Келісімшарт сипаттамасында» көрсетілген.

Айырбастау бағамы үшін баға үстемесі

Акциялар, ETF және олар бойынша CFD саудасымен байланысты қаражатты айырбастау қажет болса, айырбастау бағамдарына үстеме бағалар қолданылады. Қаражатты айырбастау кезінде қолданылатын ағымдағы үстеме бағалар валюта жұбының «Келісімшарт сипаттамасында» көрсетілген.

Баға белгілеуге үстеме баға қолдану үшін келесі формуланы пайдалануға болады:

Үстеме бағамен Ask баға белгілеуі = Ask + (Ask * үстеме баға (%) / 100 / 2)
Үстеме бағамен Bid баға белгілеуі = Bid - (Bid * үстеме баға (%) / 100 / 2)

Бұл ретте, позицияның қаржылық нәтижесін есептеу үшін айырбастау соңғы нәтижеге емес, экспозиция құнын бағалауға және қосымша шығындарға бөлек қолданылады. Формула келесідей болады:

«Қысқа позиция» (сату)

((Позицияны ашу бағасы * позиция көлемі) / айырбастау бағамы - (жабу бағасы немесе ағымдағы баға * позиция көлемі) / айырбастау бағамы) + қосымша шығындар / айырбастау бағамы

«Ұзақ позиция» (сатып алу)

<Жабу бағасы немесе ағымдағы баға> * <позиция көлемі> / <айырбастау бағамы> - <позицияны ашу бағасы> * <позиция көлемі> / <айырбастау бағамы> + <қосымша шығындар> / <айырбастау бағамы>

Мысал:

Twitter: 100 акция, «ұзақ» позиция, ашу бағасы: 22 АҚШ доллары, ағымдағы баға: 26 АҚШ доллары, комиссия: -1,5 АҚШ доллары, своп: 0 АҚШ доллары, сауда шоты еврода белгіленген, үстеме баға: 0,5%, позицияны ашу кезіндегі сәйкес айырбастау бағамы (EURUSD): 1,11253, есептеу кезіндегі сәйкес айырбастау бағамы (EUR USD): 1,11233.

(26 * 100 / 1,11253 - 22 * 100 / 1,11233) + (-1,5) / 1,11253 = 345,70 евро