Қандай кейінге қалтырылған ордерлар болады?

Кейінге қалтырылған ордер - белгілі бір шарттар орын алған жағдайда болашақта қаржы құралын сатып алу немесе сату туралы бұйрық.

Кейінге қалтырылған ордерлардың 4 түрі бар:

  1. Бай-лимит - болашақ ұсыным бағасы белгіленген мәнге жеткенде сатып алу. Ордер ағымдағы бағадан төмен орналастырылады. Бұл ордерді орындау, осы ордер үшін белгіленген баға немесе төмен баға бойынша мәміле жасауға әкеледі. Әдетте бұл түрдегі ордерлар, құрал бағасы белгілі бір деңгейге дейін төмендеп, өсе бастайды деген үмітпен орналастырылады.

  2. Бай-стоп - болашақ ұсыным бағасы белгіленген мәнге жеткенде сатып алу. Ордер ағымдағы бағадан жоғары орналастырылады. Бұл ордерді орындау, ордерді өңдеу кезінде қолжетімді баға бойынша мәміле жасауға әкеледі, ол ордер құрылған кезде көрсетілген бағадан өзгеше болуы мүмкін. Әдетте бұл түрдегі ордерлар, құрал бағасы белгілі бір деңгейден өтіп, өсуді жалғастырады деген үмітпен орналастырылады.

  3. Селл-лимит - болашақ сұраным бағасы белгіленген мәнге жеткенде сату. Ордер ағымдағы бағадан жоғары орналастырылады. Бұл ордерді орындау, осы ордер үшін белгіленген баға немесе жоғары баға бойынша мәміле жасауға әкеледі. Әдетте бұл түрдегі ордерлар, құрал бағасы белгілі бір деңгейге дейін жоғарылап, төмендей бастайды деген үмітпен орналастырылады.

  4. Селл-стоп - болашақ сұраным бағасы белгіленген мәнге жеткенде сату. Ордер ағымдағы бағадан төмен орналастырылады. Бұл ордерді орындау, ордерді өңдеу кезінде қолжетімді баға бойынша мәміле жасауға әкеледі, ол ордер құрылған кезде көрсетілген бағадан өзгеше болуы мүмкін. Әдетте бұл түрдегі ордерлар, құрал бағасы белгілі бір деңгейден өтіп, төмендеуді жалғастырады деген үмітпен орналастырылады.