Кейінге қалтырылған тапсырыстардың қандай түрлері бар?

Кейінге қалтырылған тапсырыс – болашақта белгілі бір баға бойынша қаржы құралын сатып алу немесе сату туралы клиент нұсқауы.

Кейінге қалтырылған тапсырыстардың 4 түрі бар:

  1. Buy limit – бұл тапсырыс болашақ ask бағасы көрсетілген деңгейге жеткенде сатып алу үшін пайдаланылады. Ағымдағы баға белгіленген тапсырыс бағасынан жоғары. Бұл тапсырыс түрі көрсетілген немесе одан төмен баға бойынша орындалады. Әдетте, егер трейдер баға белгілі бір деңгейге дейін төмендеп, содан кейін көтеріле бастайтынын күтсе, buy limit қойылады.
  2. Buy stop – бұл тапсырыс болашақ ask бағасы көрсетілген деңгейге жеткенде сатып алу үшін пайдаланылады. Ағымдағы баға белгіленген тапсырыс бағасынан төмен. Орындалған кезде тапсырыс ағымдағы нарықтық баға бойынша толтырылады, ол тапсырыста көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін. Егер трейдер белгілі бір деңгейге жеткеннен кейін баға өсуін жалғастырады деп күтсе, buy stop орналастырылады.
  3. Sell limit – бұл тапсырыс болашақ bid бағасы көрсетілген деңгейге жеткенде сату үшін пайдаланылады. Ағымдағы баға белгіленген тапсырыс бағасынан төмен. Тапсырыс көрсетілген немесе одан жоғары баға бойынша орындалады. Егер трейдер баға белгілі бір деңгейге дейін көтеріліп, содан кейін төмендей бастауын күтсе, sell limit орнаалстырылады.
  4. Sell stop – бұл тапсырыс болашақ bid бағасы көрсетілген деңгейге жеткенде сату үшін пайдаланылады. Ағымдағы баға белгіленген тапсырыс бағасынан жоғары. Орындалған кезде тапсырыс ағымдағы нарықтық баға бойынша толтырылады, ол тапсырыста көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін. Егер трейдер баға белгілі бір деңгейге жеткеннен кейін төмендей береді деп күтсе, sell stop орналастырылады.