Растау

Растау – RoboForex сауда шотын тіркеудің ажырамас бөлігі болып табылатын клиенттің жеке деректерін құжат арқылы растау рәсімі. Растау процесі ең көбі 2 жұмыс күнін алады.

Растаудан өту үшін мыналарды дәлелдеу қажет: жеке басты куәландыру (төлқұжатты растау) және тұрғылықты жер мекенжайы (мекенжайды растау).

Сауда жасауды бастау үшін банк картасы мен телефон нөмірін растау міндетті емес, бірақ RoboForex шоттарымен жұмыс істеу процесінде қажет болуы мүмкін.

Растаудың барлық түрлері туралы пайдалы ақпарат

Растаудың барлық түрлері туралы пайдалы ақпарат

Төлқұжатты растау

Құжаттар

  • Халықаралық (шетелдік) төлқұжат
    (фотосуреті бар бет)

Ол болмаса:

  • Ұлттық төлқұжат
    (фотосуреті бар бет)
  • Жеке куәлік
  • Тұруға ықтиярхат

Талаптар

1. Деректеріңізді көрсетіп, құжаттың цифрлық көшірмесін Жеке кабинетіңіздің арнайы формасында тіркеуіңіз қажет.

2. Құжатты келесіні пайдаланып цифрландыруға болады:

  • Сканер
  • Фотоаппарат
  • Веб-камера
  • Мобильді телефон

3. Құжаттың цифрланған көшiрмесiнде мыналар анық көрінуі тиiс: толық аты-жөнiңiз, фотосуретіңіз, құжаттың сериясы мен нөмiрi, туған күнiңіз, құжатты кiм және қашан бергенi, оның қолданылу мерзiмi.

4. Компанияға жіберу кезінде қолданылу мерзімі 3 айдан аз құжаттар растауға қабылданбайды.  

5. Растауға сұрау беру формасына құжат кескіндері бар 4 файлға дейін қосуға болады.

6. Қолдау көрсетілетін файл форматтары - bmp, gif, jpg, jpeg, pdf, png, өлшемі - 4 096 Кб-ке дейін.

7. Құжаттардың түрлі-түсті және ақ-қара кескіндері қабылданады.

8. Графикалық редакторда түзетілген құжат кескіндері қабылданбайды.

9. Егер қосымша графикалық таңбалар енгізу қажет болса (мысалы, «RoboForex үшін»), оны құжаттан бос өріске орналастырып, бөлек қағаз парағында жасауға болады (құжаттың өзіндегі барлық ақпарат анық көрінуі қажет).


Нұсқаулар

Жеке кабинетте форма толтырмай, мобильді телефон арқылы растаудан қалай өтуге болады

Веб-камера арқылы құжатты қалай суретке дұрыс түсіруге болады

Төлқұжат растауынан өту

Назар аударыңыз, егер көрінеу жалған ақпарат ұсынылған болса, компания сізге қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы (Клиенттік келісімнің 2.3-тармағы).

 Банк картасын растауЖинауМекенжайды растау 

Мекенжайды растау

Құжаттар

Тұрғылықты жеріңіздің мекенжайын растау үшін ол 6 айдан «ескі» болмаса (ерекшеліктер тізімін Талаптардың 4-ші тармағынан қараңыз), келесі құжаттардың КЕЗ КЕЛГЕНІН ұсынуға болады:

ТМД клиенттері үшін: төлқұжаттағы тіркеу.

Жылжымайтын мүлік: меншік құқығы туралы куәлік, ипотека туралы куәлік, кепілхат, меншікті иелену туралы куәлік, жалдау келісім-шарты.

Коммуналды қызметтер: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтан анықтама (7 немесе 9 форма бойынша), электр энергиясы, су, қалалық телефон немесе газ есепшоттары, басқарушы компаниялар және басқа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінің мекемелерінен хаттар/хабарламалар, күзет жүйесі қызметтеріне төлеу есепшоттары, ұялы телефон, теледидар үшін есепшот.

Сондай-ақ, неке туралы куәлікті ұсынсаңыз, жұбайыңыздың атына коммуналдық қызметтерді төлеу есепшотын да бере аласыз.

Мемлекеттік үлгідегі құжаттар

Банк қызметтері: жарамды банк шотынан үзінді көшірме, төлем (дебет немесе несие) картасын пайдалану туралы есеп.


Талаптар

1. Деректеріңізді көрсетіп, құжаттың цифрлық көшірмесін Жеке кабинетіңіздің арнайы формасында тіркеуіңіз қажет.

2. Құжатты келесіні пайдаланып цифрландыруға болады:

  • Сканер
  • Фотоаппарат
  • Веб-камера
  • Мобильді телефон

3. Құжаттың цифрлық көшірмесінде мыналар анық көрінуі тиіс: толық аты-жөніңіз, ағымдағы тұрғылықты жеріңіздің мекенжайы және құжаттың берілген күні.

4. Құжат 6 айдан ескі болмауы қажет. RoboForex Ltd клиенттері үшін ерекше жағдайлар: жарамды жалдау келісім-шарты, жүргізуші куәлігі (егер онда мекенжай болса), тіркеу.

5. Құжатта оны берген ұйымның қолы және мөрі (тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге төлем түбіртектері үшін штрих-код жеткілікті) немесе фирмалық бланкіде рәсімделуі тиіс.

6. Растауға сұрау беру формасына құжат кескіндері бар 2 файлға дейін қосуға болады.

7. Қолдау көрсетілетін файл форматтары - bmp, gif, jpg, jpeg, pdf, png, өлшемі - 4 096 Кб-ке дейін.

8. Растауға ұсынылған құжат растау мақұлданған күннен бастап 1 жыл бойы немесе ол бар болса, қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды.

9. Құжаттардың түрлі-түсті және ақ-қара кескіндері қабылданады.

10. Графикалық редакторда түзетілген құжаттардың кескіндері қабылданбайды.

11. Егер қосымша графикалық таңбалар енгізу қажет болса (мысалы, «RoboForex үшін»), оны құжаттан бос өріске орналастырып, бөлек қағаз парағында жасауға болады (құжаттың өзіндегі барлық ақпарат анық көрінуі қажет).


Нұсқаулар

Жеке кабинетте форма толтырмай, мобильді телефон арқылы растаудан қалай өтуге болады

Веб-камера арқылы құжатты қалай суретке дұрыс түсіруге болады

Мекенжайды растаудан қалай өтуге болады

Назар аударыңыз, егер көрінеу жалған ақпарат ұсынылған болса, компания сізге қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы (Клиенттік келісімнің 2.3-тармағы).

 Төлқұжатты растауЖинауSMS арқылы растау

SMS арқылы растау

SMS арқылы растау не үшін қажет?

SMS арқылы растау - телефон нөміріңізді растау. Оның арқасында Жеке кабинетте сақталған деректер мен қаражаттың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беретін бір немесе бірнеше қызметтерді қосу мүмкіндігіне ие боласыз.


Қызметтер

Назар аударыңыз! Барлық 3 қызмет RoboForex клиенттеріне мүлдем тегін.

  1. Қаражат шығарып алу немесе аудару сұрауын растау кодын SMS-хабарлама арқылы жіберу.
  2. Жеке кабинетке кіру туралы SMS-хабарлама.
  3. SMS-хабарламада жіберілген кодты пайдалана отырып, Жеке кабинетте кіруді растау.

Бұл қызметтер туралы толығырақ веб-сайттың «Екі сатылы сәйкестендіру» парақшасынан оқыңыз.


Нұсқаулар

  1. RoboForex Жеке кабинетіне өтіп, мәзірден «SMS арқылы растау» таңдаңыз.

  2. Мобильді телефон нөміріңізді халықаралық форматта енгізіп, «Растау» батырмасын басыңыз.

  3. Нөміріңізге растау коды жіберіледі. Алынған растау кодын енгізіп, «Растау» басыңыз.

  4. SMS арқылы растаудан өткеннен кейін сізде қосымша бір немесе бірнеше SMS қызметтерін қосу мүмкіндігі болады. Ол үшін сізді қызықтыратын қызметтерді белгілеп, «Растау» басыңыз.

  5. Нөміріңізге растау коды жіберіледі. Қажетті форма өрісіне алынған растау кодын енгізіп, «Растау» басыңыз.

Барлық әрекеттерді орындағаннан кейін сізге таңдалған SMS қызметтері қосылатын болады.

SMS арқылы растаудан өту

 Мекенжайды растауЖинауБанк картасын растау 

Банк картасын растау

Банк картасын растау не үшін қажет?

Егер сіз шотыңыздан банк картасына қаражат шығарып алғыңыз келсе, оны растау қажет болуы мүмкін. Бұл шара шотыңыздағы қаражаттың қосымша қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін енгізілген.

Банк картасын растау міндетті процедура емес, бірақ қаражат шығарып алу кезінде компанияның Төлем департаменті оған сұрау салуы мүмкін. Қаражат шығарып алу кезінде уақыт үнемдеу үшін картаңызды алдын ала растауды ұсынамыз.


Банк картасын растаудан қалай өтуге болады?

Растаудан өту процедурасы өте қарапайым - Жеке кабинеттегі арнайы формаға картаңыздың алдыңғы және артқы жақтарының суретін жүктеп салу қажет.

1. Құжатты мыналар арқылы цифрландыруға болады:

  • Сканер
  • Фотоаппарат
  • Веб-камера
  • Мобильді терефон

2. Картаның алдыңғы жағындағы суретте картаның сәйкестендіру нөмірінің алғашқы алты және соңғы төрт саны арасындағы барлық сандарды жабыңыз немесе өңдеңіз.

Мысалы:

3. Картаның артқы жағындағы суреттегі CVV/CVC кодын жабыңыз немесе өңдеңіз.

Мысалы:

Банк картасын растаудан өту

 SMS арқылы растауЖинауТөлқұжатты растау

Жиі қойылатын сұрақтар

Тізімде көрсетілмеген құжат бойынша растаудан өте аламын ба?

Өте аласыз, бірақ бұл үшін сіз компанияда растаудан өтуге арнайы шарттары бар елдің азаматы болуыңыз қажет. Мұндай елдердің тізімін төменде таба аласыз:

Төлқұжатты растау

Үндістан: Aadhar картасы, Pan картасы, дауыс беру картасы, жүргізуші куәлігі.

Мексика: дауыс беру картасы.

Сауыд Аравиясы: тұруға ықтиярхат.

Шри-Ланка: жүргізуші куәлігі (ағылшын тілінде төлқұжат болмаған жағдайда).

Нигерия: Дауыс беру картасы + Ұлттық сәйкестендіру нөмірі (төлқұжат немесе жеке куәлік болмаған жағдайда).

Мекенжайды растау

Қытай: жүргізуші куәлігі, жеке куәлік (алдыңғы және артқы жағының кескіні).

Бруней, Индонезия, Малайзия: жүргізуші куәлігі, жеке куәлік.

Растау сұрауын өңдеу қанша уақытты алады?

Кез келген растау түріне (SMS-тен басқа) сұрау 2 жұмыс күніне дейін өңделеді. Нақты өңдеу уақыты қабылданған сұраулар санына байланысты.

Бұл процесті мүмкіндігінше тезірек өткізу үшін бар күшімізді саламыз. Көп жағдайда деректеріңіз сұрау берген күні расталады.

Мекенжайды растау үшін тізімдегі бірде-бір құжат болмаса, не істеуім керек?

Егер сізде қажетті құжаттар болмаса, олардың кейбірін салыстырмалы түрде тез және оңай алуға болады. Мысалы, банк шотыңыздан үзінді көшірме.

Сондай-ақ, құжаттар тізімін мұқият қарап шығуды ұсынамыз - онда нақты сізде бар құжатты өткізіп алған болуыңыз мүмкін.

Осы қадамдардың барлығынан кейін мәселе шешілмесе, компанияның қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз.

Мен корпоративтік шот ашқым келеді, растаудан өтуім қажет пе?

Корпоративтік шоттар үшін компаниямызда шот ашу және деректерді растау бойынша жеке процедура бар. Бұл процедура туралы ақпарат біздің веб-сайтта көрсетілген.

Менің растауға берген сұрауым 2 күннен артық тексерілмей жатыр. Неге?

Мәселе оны жіберген кезде құжаттарыңыздың кескіндерін қате жүктегеніңізде болуы мүмкін (мысалы, скриншоттар дұрыс емес немесе тым үлкен форматта). Сәйкесінше, оларды компания қызметкерлері алмаған.

Құжаттарды жіберу формасын қайта тексеріңіз: егер сұрауыңыздың күйі (форманың жоғарғы жағында) «Растауды күтуде» күйіне өзгермеген болса, оны қайтадан жіберіп көріңіз.

Сондай-ақ, пошта арқылы хабарлама жіберу арқылы растау қабылданбаған болуы мүмкін. Пошта жәшігін, соның ішінде «Спам» қалтасын тексеріңіз.

Осы қадамдардың барлығынан кейін мәселе шешілмесе, компанияның қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз.

Жеке кабинеттегі форманы пайдаланбай құжаттарды жібере аламын ба?

Иә, бұл мекенжай және төлқұжатты растаудан өткен кезде мүмкін. Жеке кабинеттегі стандартты форманы айналып өтіп, құжаттарды жіберу туралы егжей-тегжейлі нұсқауларды біздің нұсқаудан оқыңыз.

Сұралған деректер қауіпсіз жерде сақталады және үшінші тұлғаларға берілмейді немесе сізге қарсы пайдаланылмайды - жеке басыңызды растау тек біздің қызметімізді реттейтін органдар қойған талаптарды орындау үшін қажет.