Сауда терминалындағы құралдар графигінде әдепкі бойынша ұсыныс бағалары көрсетеді, бірақ олармен барлық позициялар жабылмайды.
Ұзақ мерзімді позициялар (Сатып алу) сұрау бағалары бойынша ашылады және ұсыныс бағалары бойынша жабылады. Қысқа мерзімді позициялар (Сату), керісінше, ұсыныс бағалары бойынша ашылады және сұрау бойынша жабылады.
Тиісінше, графикте ұзақ мерзімді позицияларыңыз (Сатып алу) жабылатын ұсыныс бағасын ғана көре аласыз.
Мұны график баптауларында сұрау жолағын көрсетуді қосу арқылы оңай түзетуге болады.
Ордер келесі себептерге байланысты автоматты түрде жабылуы мүмкін:
Сауда терминалында позицияны бірнеше жолмен ашуға болады. Олардың ең таралғаны:
Сондай-ақ, жаңа позицияны терминалдың негізгі мәзірі немесе "Бір рет басу арқылы сауда жасау" функциясы арқылы ашуға болады.
Көрсетілген баға бойынша орындалмауы мүмкін ордер түрлеріне мыналар жатады: бай-стоп, селл-стоп және стоп-лосс.
Олар іске қосылған кезде нарыққа Нарық ордері жіберіледі, ол өз кезегінде оны өңдеу кезіндегі нарықтағы баға бойынша орындалады. Осы себепті кейінге қалтырылған ордерда көрсетілген баға мен орындау бағасы арасында сәйкессіздіктер болуы мүмкін.
Басқа кейінге қалтырылған ордерлар түрі - бай-лимит, селл-лимит және тейк-профит оларда көрсетілген баға бойынша немесе егер оларды өңдеу кезінде нарықта неғұрлым тиімді баға болса, сол баға бойынша орындалады.
Несие қаражаты - трейдердің жеке қаражаты және трейдердің өз брокерінен алатын қарыз қаражаты арасындағы қатынас. 1:100 несие қаражаты, мәмілені орындау үшін брокердің сауда шотында мәміле сомасынан 100 есе аз сома болуы керек дегенді білдіреді.
Несие қаражаттың жұмыс істеуі бойынша мысал: трейдер 1:500 несие қаражаты мәнін таңдады. Сонымен қатар оның шотында 200 еуро бар. 1:500 несие қаражаты оған 100 000 еуро көлемінде келісімшарт сатып алуға мүмкіндік береді.
Лот - сауда операциялары кезінде жасалған мәмілелер көлемінің өлшем бірлігі.
Стоп-ордер, оған жеткен кезде платформа сәйкес нарық немесе лимит ордерін құратын шарт болып табылады.
Стоп-ордердің 2 түрі болады:
Қаржы нарықтарында сауда жасау арқылы, болашақта олардың бағасы көтеріледі немесе төмендейді деген үмітпен қаржылық құралдарды сатасыз немесе сатып аласыз.
Есептеулер бойынша қаржылық активтің бағасы өсетін болса, оны сатып алуға мәміле ашылады. Егер болжамға сәйкес активтің бағасы төмендейтін болса, онда құралды сату туралы мәміле ашылады.
Сіздің пайдаңыз - таңдалған активті сатып алған немесе сатқан баға мен оның мәмілені жабу кезіндегі бағасы (спред және/немесе брокер комиссиясын шегергенде) арасындағы айырмашылық.
Қарапайым мысалды қарастырып көрейік:
1 лот көлемінде 1,2291 бағамен EURUSD сатып алу мәмілесін жасадыңыз. Факт бойынша 122 910 АҚШ доллары (100 000 * 1,2291) бағасымен 100 000 еуро (1 лот активтің негізгі валютасының 100 000 бірлігіне тең – құрал тикерінің бірінші таңбасы) сатып алдыңыз.
Біраз уақыттан кейін актив бағасы 1,2391 мәніне дейін көтерілді және сіз позицияны жаптыңыз. Бұл кезде сіз сатып алған еуродағы сома өзгермейді (100 000 еуро), бірақ оның АҚШ долларындағы баламасы 123 910 АҚШ долларына (1,2391 * 100 000) тең болады.
Осылайша, сіздің пайдаңыз 123 910 АҚШ доллары - 122 910 АҚШ доллары = 1 000 АҚШ доллары болады.
Қаржы нарықтарында ашық позицияны келесі күнге ауыстыру ролловерлер (своп) есептелуімен бірге жүреді. Своп мөлшері базалық валютаның орталық эмитент-банктерінің есеп мөлшерлемелері мен құралдың баға белгілеу валютасы арасындағы айырмашылыққа байланысты және оң және теріс мәндерге ие болуы мүмкін.
RoboForex компаниясында своп мөлшерлемелері өтімділік жеткізушісінің мөлшерлемелеріне сәйкес белгіленеді. Әр құрал бойынша ағымдағы своп мөлшерлемелерін веб-сайтымыздың "Келісімшарт сипаттамалары" парақшасынан табуға болады.
Демалыс күндері Форекс нарығы, барлық әлемдік биржалар сияқты, жұмыс істемейді.
Валюталар, акциялар және басқа да инвестициялық өнімдермен сауда жасау нарықтық сипатқа ие және әрқашан тәуекелдің айтарлықтай дәрежесін қамтиды. Әртүрлі қаржылық ауытқулар нәтижесінде сіз капиталыңызды айтарлықтай арттырып қана қоймай, оны толығымен жоғалта аласыз.
Несие қаражатын таңдау арқылы, сондай-ақ ордерлардың арнайы түрлері (стоп-лосс/тейк-профит) немесе басқа қолжетімді технологияларды пайдалану арқылы тәуекелдерді (мүмкін қаржылық шығындардың әлеуетті пайдаға қатынасы) басқара аласыз. Қолданылатын несие қаражаты және әлеуетті пайда неғұрлым көп болса, тәуекел деңгейі соғұрлым жоғары болатынын әрқашан есте сақтау қажет.
Кейінге қалтырылған ордер - белгілі бір шарттар орын алған жағдайда болашақта қаржы құралын сатып алу немесе сату туралы бұйрық.
Кейінге қалтырылған ордерлардың 4 түрі бар:
Бай-лимит - болашақ ұсыным бағасы белгіленген мәнге жеткенде сатып алу. Ордер ағымдағы бағадан төмен орналастырылады. Бұл ордерді орындау, осы ордер үшін белгіленген баға немесе төмен баға бойынша мәміле жасауға әкеледі. Әдетте бұл түрдегі ордерлар, құрал бағасы белгілі бір деңгейге дейін төмендеп, өсе бастайды деген үмітпен орналастырылады.
Бай-стоп - болашақ ұсыным бағасы белгіленген мәнге жеткенде сатып алу. Ордер ағымдағы бағадан жоғары орналастырылады. Бұл ордерді орындау, ордерді өңдеу кезінде қолжетімді баға бойынша мәміле жасауға әкеледі, ол ордер құрылған кезде көрсетілген бағадан өзгеше болуы мүмкін. Әдетте бұл түрдегі ордерлар, құрал бағасы белгілі бір деңгейден өтіп, өсуді жалғастырады деген үмітпен орналастырылады.
Селл-лимит - болашақ сұраным бағасы белгіленген мәнге жеткенде сату. Ордер ағымдағы бағадан жоғары орналастырылады. Бұл ордерді орындау, осы ордер үшін белгіленген баға немесе жоғары баға бойынша мәміле жасауға әкеледі. Әдетте бұл түрдегі ордерлар, құрал бағасы белгілі бір деңгейге дейін жоғарылап, төмендей бастайды деген үмітпен орналастырылады.
Селл-стоп - болашақ сұраным бағасы белгіленген мәнге жеткенде сату. Ордер ағымдағы бағадан төмен орналастырылады. Бұл ордерді орындау, ордерді өңдеу кезінде қолжетімді баға бойынша мәміле жасауға әкеледі, ол ордер құрылған кезде көрсетілген бағадан өзгеше болуы мүмкін. Әдетте бұл түрдегі ордерлар, құрал бағасы белгілі бір деңгейден өтіп, төмендеуді жалғастырады деген үмітпен орналастырылады.
Біздің кеңесшілер сұрағыңызға мүмкіндігінше тез жауап береді.